Семейде Қазақстан Республикасының полиция күні аталып өтті

463

Бүгін, 23 маусым күні, Бейбітшілік аралында Қазақстан Республикасының полиция күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік жиынға Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев, полиция басқармасының бастығы Абай Бақтияров, құқық қорғау органдарының ардагерлері мен полиция қызметкерлері қатысты.

Іс-шара барысында қала әкімі полиция қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды рөліне тоқталды.

«Бүгінде Семей қалалық полиция басқармасында мыңға жуық қызметкер қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытында тәулік бойы қызмет атқаруда. Олардың әрқайсысы — өз ісіне адал, кәсіби білікті және антқа берік мамандар. Қоғам тыныштығы мен тұрғындардың қауіпсіздігі жолындағы қажырлы еңбектеріңіз, жоғары жауапкершіліктеріңіз бен табандылықтарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіремін», — деді Әділет Қожанбаев.

Мерекелік шара барысында қызметтік міндеттерін үлгілі атқарып, қоғамдық тәртіпті сақтауға және құқық бұзушылықтың алдын алуға елеулі үлес қосқан бірқатар полиция қызметкерлері қала әкімінің «құрмет» грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.


Соңғы жаңалықтар

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылыңыз: