Жаңа әкім — жаңа тәсіл: Семейде үйлердің қасбеттерін бояудан ғимараттардың сәулеттік келбетін жақсарту үшін қаптау жұмыстарына көшті

44

Семейде абаттандырудың жаңа тәсілі енгізілуде — уақыт өте келе сырты қабыршақтанып түсетін үй қасбеттерін бояудың орнына, алғаш рет астаналық үлгі бойынша облыс орталығының сәулеттік келбетін жақсарту үшін қаптау материалдары қолданылуда.

Әкімдіктің мәліметінше, биыл Семейде бірыңғай стильде шамамен 30 көпқабатты үйдің қасбетін жаңарту жоспарланған… және бұл тізімде бірінші болып әуежай жағынан және «Абай жолы» арқылы қалаға кіреберісте қонақтарды қарсы алатын Кеңгірбай би көшесіндегі үй таңдалған.

«Ғимараттың қасбеті термопанельдермен қапталған, балкондар металл сайдингпен безендірілген. Сондай-ақ декоративті кронштейндер орнатылып, терезе жиектемелері жаңартылып, сыртқы жарықтандыру жүйесі монтаждалды», — деді қала әкімі Әділет Қожанбаев.

Әкімдікте жалпы Семейде тұрғын үйлердің қасбеттерін жаңартуға арналған жеке бағдарлама қарастырылмағанын атап өтті. Дегенмен, 2023 жылы көпқабатты үйлердің қасбеттері мен шатырларын ағымдағы және күрделі жөндеуді ұйымдастыру ережелері бекітілген, сол аясында 2022–2025 жылдар аралығында 89 көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті ағымдағы жөндеуден өткізілген.


Соңғы жаңалықтар

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылыңыз: