Әділетті экономика — тұрақты өндіріс пен еңбекке құрмет

9

Өндірісі өркендеген өңірдің мүмкіндігі де мол. Абай облысында өнеркәсіпті әртараптандыру, машина жасау саласын дамыту және жаңа жұмыс орындарын ашу — экономикалық өсімнің маңызды бағыттары.

«Әділет» партиясынан мәслихат депутаттығына ұсынылған кандидаттар Ернар Тоқтаров, Саят Танатаров, Әйгерім Жұмақанова және Ербол Тускенов «Семей инжиниринг» АҚ ұжымымен кездесіп, партияның 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырды.

Абай облысы — өнеркәсіптік әлеуеті жоғары өңір. Қазіргі таңда тау-кен өндіру саласының үлесі өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемінің 74,3%-ын құрайды. Сонымен қатар облыста металлургияны, машина жасауды, жеңіл және тамақ өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік мол. Өңірде 6 алтын және 1 уран кен орны бар.

«Біздің міндетіміз — табиғи байлықты өндірумен ғана шектелмей, оны өңдеп, қосылған құны жоғары өнім шығаратын өндірістерді көбейту. Бұл — экономиканы нығайтудың, тұрақты жұмыс орындарын ашудың және халықтың табысын арттырудың нақты жолы. Ал өнеркәсіптің дамуы ең алдымен білікті маман мен еңбек адамына деген құрметтен басталады», — деді Ернар Тоқтаров.

Кездесуде өндірісті жаңғырту, инвестиция тарту, отандық кәсіпорындардың әлеуетін арттыру және кадр даярлау мәселелері сөз болды.

«Әділет» партиясының сайлауалды бағдарламасы жаңа жұмыс орындарын ашу, халықтың табысын арттыру, сапалы білім мен медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту міндеттерін қамтиды.

Әділетті қоғам құру — ортақ жауапкершілік. Ол үшін өндіріс дамып, еңбек адамының еңбегі бағаланып, әр азаматтың мүмкіндігіне жол ашылуы керек.

 

Дайындады: «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының баспасөз қызметі
Тапсырыс беруші: Ибраев А.М.

Абай облысы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді


Соңғы жаңалықтар

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылыңыз: