«Қаражыра» ұжымы сайлауалды бағдарламаға қатысты сауалдарын қойды

5

«Әділет» партиясының Абай облысы бойынша 2026–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатында «Қаражыра» кәсіпорнының ұжымымен кездесу өтті. Жиын мазмұнды әрі пікір алмасу форматында өрбіді. Қатысушылар өткір сұрақтарын қойып, бағдарламалық міндеттемелердің орындалуына қатысты нақты талаптары мен күтулерін жеткізді.

Кездесуде Алмас Әділбеков, Саят Танатаров, Марат Макишев және Анжела Маслова спикерлік етті. Олар партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, оны іске асыру және қоғамдық бақылау тетіктеріне тоқталды.

Бағдарламада жыл сайын оның орындалу қорытындыларын жариялау, халықты тұрақты ақпараттандыру, депутаттардың тұрғындармен ашық кездесулерін өткізу, сондай-ақ партиялық және қоғамдық мониторинг жүргізу көзделген.

Алмас Әділбеков және Саят Танатаров партияға деген сенім құрғақ уәдемен емес, ашық жұмыс пен нақты нәтижелер арқылы қалыптасуы керектігін атап өтті.

Кездесу барысында инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру, кәсіпкерлікті қолдау, цифрландыру, экологиялық жауапкершілік және қоғамдық қауіпсіздік мәселелері де қозғалды.

Ұжым өкілдері үшін жалпы уәделерден гөрі күнделікті өмірде сезілетін нақты өзгерістердің маңызды екені айтылды. Ашық пікір алмасу барысында қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, ұсыныстары мен сын-ескертпелерін жеткізді.

Кездесу қорытындысында партия өкілдері еңбек ұжымдарымен кері байланысты жалғастырудың маңызын атап өтіп, түскен ұсыныстар мен көтерілген мәселелер сайлауалды бағдарламаны іске асыру және оның орындалуын бақылау барысында ескерілетіндіктерін жеткізді.

 

Дайындады: «Әділет» партиясы Абай облыстық филиалының баспасөз қызметі
Тапсырыс беруші: Ибраев А.М.

Абай облысы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді


Соңғы жаңалықтар

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылыңыз: