Семейдің шалғай ауданында жол мен көшені жарықтандыру мәселесі шешілді

568

Қала әкімі Әділет Қожанбаев 18-қосалқы станция ауданында тұратын тұрғындармен кездесті. Бұған дейін жергілікті халық көтерген мәселелердің шешімін тапқаннан кейін кездесу ұйымдастырылды.

Еске салсақ, 2025 жылдың ақпан айында тұрғындар әкімдікке жолдарды жөндеу, көшелерді жарықтандыру, балалар ойын алаңын салу және қоқыс шығару мәселелері бойынша жүгінген болатын.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, бұған дейін көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тапқан. Атап айтқанда, 18-қосалқы станция ауданына кіреберіс жолға асфальт төселіп, көшелерге 13 жарықтандыру бағаны орнатылып, жарықтандыру жүйесі іске қосылды.

«Кездесу барысында тұрғындар балалар ойын алаңын салу мәселесін де көтерді. Өз кезегінде қала әкімі бұл ұсыныстың назардан тыс қалмайтынын және тиісті жұмыстар жүргізілетінін атап өтті», — делінген әкімдік хабарламасында.

Қала әкімінің айтуынша, футбол алаңы бар балалар ойын алаңын 1 қыркүйекке дейін салу жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылыңыз: