Курчатовта конденсациялық электр станциясының құрылысы басталды

416

Бүгін Абай облысының Курчатов қаласында қуаты 700 МВт болатын жаңа конденсациялық электр станциясының (КЭС) іргетасын қалау рәсімі өтті.

«Курчатов» КЭС жобасы — елдің энергетикалық инфрақұрылымын дамытуға, өңірдің экономикалық әлеуеті мен инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған ең ірі стратегиялық бастамалардың бірі.

Жаңа электр станциясы Қазақстанның энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға, электр энергиясы тапшылығы тәуекелдерін азайтуға, өнеркәсіпті дамытуға және жаңа инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

«Жобаны іске асыру 2026–2032 жылдарға жоспарланған. Жалпы инвестиция көлемі — 881 млрд. теңге. Пайдалануға берілгеннен кейін станция жылына 5 млрд. кВт/сағ-қа дейін электр энергиясын өндіреді. Бұл өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін едәуір күшейтіп, Қазақстанның бірыңғай энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын арттырады», — делінген хабарламада.

Жобаның әлеуметтік маңызы да жоғары. Құрылыс кезеңінде 5 000-ға дейін жұмыс орны ашылады, ал нысан пайдалануға берілгеннен кейін 400 тұрақты жұмыс орны құрылады. Бұл Курчатов қаласы мен Абай облысының әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі оң әсерін тигізеді.


Соңғы жаңалықтар

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылыңыз: