Семейде қала шетінде жаңа стадионның құрылысы басталды

33

Облыс орталығындағы жаңа смарт-шағынауданда жалпы аумағы 20 гектар болатын жер телімінде заманауи 25 мың көрерменге арналған стадион салынатын аумақта топырақты қазу және тегістеу жұмыстары басталды.

«Жобалау кезінде архитектуралық және инженерлік шешімдерде өңірдің табиғи-климаттық және геологиялық ерекшеліктері толық ескерілді. Құрылыстың аяқталуы екі жылға жоспарланған», — делінген хабарламада.

Аталған нысан сыйымдылығы бойынша елде салынып жатқан стадиондар арасында Астана, Алматы және Ақтөбеден кейін төртінші орын алатыны атап өтілген. Пайдалануға берілгеннен кейін барлық талаптарға сай келетін стадион UEFA матчтарын қабылдай алады.


Соңғы жаңалықтар

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылыңыз: