Семейде қаланың басты батыры анықталады

2

Семейліктер мен қала қонақтарын 18 қыркүйекте сағат 14:00–де Шмидт көшесіндегі орталық жағалауда өтетін «Семей батыры» күш экстримі жарысын тамашалауға шақырады. Жарыс қала күніне арналған мәдени-спорттық іс-шаралар аясында ұйымдастырылады.

Қызықты бәсекеде спортшылар күш пен төзімділіктерін көрсетіп, ең мықты атану үшін бақ сынайды. Жарыстың жалпы жүлде қоры — 1 000 000 теңге.

I орын — 500 000 теңге
II орын — 300 000 теңге
III орын — 200 000 теңге

Бас төреші — Андрей Алтайбаев, +7 (777) 243-25-08.

«Жүлде қоры демеушілердің қолдауымен жасақталды. Туған қаласының дамуына бейжай қарамайтын кәсіпкерлер отандық спортты қолдап, Семей қаласының күніне орай ұйымдастырылып отырған жарыстың өтуіне өз үлестерін қосуда», — деп атап өтті әкімдіктегілер.


Соңғы жаңалықтар

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылыңыз: