«Семей орманындағы» заңсыз ағаш кесу схемасы әшкереленді

179

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі ҚР Бас прокуратурасымен бірлесіп, биылғы қыркүйекте «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекетінің жолы кесілгенін хабарлады.

Тергеу мәліметінше, күдіктілер ағаштарды жаппай заңсыз кесу және оларды өткізу бойынша тұрақты схема ұйымдастырды деп күдікке ілінген. Атап айтқанда, олар ақшалай сыйақы үшін орманның ең өтімді учаскелеріне кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз еткен.

«Тінту барысында бухгалтерлік құжаттар, кесуге арналған орман орамдарын бөлу туралы қолжазба жазбалар, ақша қаражаты, сондай-ақ басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді», — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта ҚР қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігі (пара алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Аталған бап бойынша пара сомасының алпыс еселенгенінен жетпіс еселенгеніне дейінгі мөлшерде айыппұл салу не мүлкін тәркілеу арқылы жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Сондай-ақ белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру қарастырылған.


Соңғы жаңалықтар

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылыңыз: