Семейде тағы бір бала терезеден құлап кетті

147

Бүгін, 2026 жылғы 27 шілдеде, Сәтбаев көшесі, 20, мекенжайындағы аз қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатындағы терезеден 5 жасар бала құлап кетті. Ауыр халде ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді.

Еске салсақ, өткен аптада, 2026 жылғы 23 шілдеде, Қарағайлы шағын ауданында көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен екі баланың құлау оқиғасы тіркелген болатын. Өкінішке қарай, олардың бірінде бір жасар сәби алған жарақаттарынан көз жұмды.

Бұған дейін Абай облысының төтенше жағдайлар департаменті хабарлағандай, 2026 жылдың басынан бері өңірде балалардың терезеден құлауының 11 дерегі тіркелген. Оның 10-ы Семейде, біреуі Аягөзде болған. Бүгінгі оқиға қауіпсіздік шараларын қатаң сақтаудың маңыздылығын тағы бір мәрте еске салды.

Айта кетейік, ҚР-ның әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабына сәйкес, ата-аналар мен заңды өкілдер кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Аталған баптың санкциясы 10 АЕК (43 250 теңге) мөлшерінде айыппұл салуды немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алуды көздейді.


Соңғы жаңалықтар

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылыңыз: