Семейде аулалардағы шлагбаумдар мен басқа да жолды шектейтін құрылғыларды алып тастау жұмыстары басталды

87

Абай облысы ТЖД мәліметінше, іс-шара барысында жедел әрекет ету қызметтерінің қызметкерлері арнайы техникамен аулалар арқылы кедергісіз өту және тұрғын үйлерге жету мүмкіндігін тексеріп, шартты төтенше жағдай орнына бару қозғалысын имитациялады.

Өз кезегінде полиция қызметкерлері көлік құралдарының тоқтау және тұру ережелерінің сақталуын тексеріп, арнайы техниканың қозғалысына кедергі келтірген көлік иелеріне айыппұл салып, көліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін шешіп алды.

Сонымен қатар тұрғын үйлер мен басқа да нысандарға кіреберіс жолдардың жағдайын тексеру барысында құтқарушылар жедел қызметтердің еркін өтуіне кедергі келтіретін қоршаулар мен бөгеттерді бұзып алып тастады.

«Дұрыс қойылмаған көлік, орнатылған қоршаулар және өзге де кедергілер төтенше қызметтердің оқиға орнына жетуін кешіктіруі мүмкін екенін ұмытпаған жөн. Ал төтенше жағдай кезінде адам өмірі мен денсаулығын құтқаруда әр минут шешуші рөл атқарады», — деп атап өтті ведомство өкілдері.


Соңғы жаңалықтар

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылыңыз: