Семейде арықтарды тазалау жұмыстары басталды

80

Семейде жаңбыр және еріген қар суының кедергісіз ағуын қамтамасыз ету, сондай-ақ су басу қаупінің алдын алу мақсатында арықтарды тазалау жұмыстары басталды.

Қала әкімінің көмекшісі Әдлен Қайратұлының айтуынша, жұмыс барысында арықтарда жиналған қоқыс, топырақ пен тұнбалар тазартылып, судың еркін ағуына кедергі келтіретін бітелген жерлер ашылуда.

Жергілікті тұрғындардың бірі қоқыс үйінділерінің қайта пайда болуының алдын алу үшін бейнебақылау камераларын орнатуды ұсынды. Оның сөзінше, арықтар көктемде де тазартылғанымен, тұрғындар қайтадан қоқысқа толтырған.

«Тұрғындарды тазалық сақтауға, тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын арықтарға тастамауға шақырамыз. Су ағатын арналардың бітелуі судың жүруіне кедергі келтіріп, көшелер мен аулаларда жиналуына әкелуі мүмкін», — деп атап өтті қала әкімінің көмекшісі.


Соңғы жаңалықтар

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылыңыз: