G-TON — технологиялық стартаптарды жаңа деңгейге шығаратын бағдарлама

10

G-TON — технологиялық стартаптарды жаңа деңгейге шығаратын бағдарлама

Дайын өніміңіз немесе MVP нұсқаңыз бар ма? Енді оны одан әрі дамытып, нақты секторда қолдануға мүмкіндік бар.

G-TON — технологиялық стартаптарға арналған акселерациялық бағдарлама. Бағдарлама аясында стартаптар өңірлік әкімдіктердің нақты сұраныстарына бейімделіп, өз шешімдерін іс жүзінде енгізуге дайындық кезеңінен өтеді.

Қатысушыларға 11 негізгі бағыт бойынша 47 нақты міндет ұсынылады. Олардың қатарында цифрландыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, экология, көлік, қауіпсіздік және басқа да маңызды салалар бар.

 

Бағдарлама қатысушыларын не күтеді?

Әкімдік өкілдерімен тікелей жұмыс — нақты міндеттер мен қажеттіліктерді талқылау.

Онлайн-семинарлар — таңдалған бағыттар бойынша сараптамалық білім алу.

Мастермайндтар, воркшоптар және трекинг — жобаны жетілдіру және бизнес-модельді дамыту.

Қорытынды Demo Day — дайын шешімді өңірлік тапсырыс берушілер алдында таныстыру.

 

G-TON — технологиялық шешімдерді тек дамытуға ғана емес, оларды нақты мәселелерді шешуге бағыттап, мемлекеттік секторда қолдану мүмкіндігін арттыруға мүмкіндік беретін алаң.

Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі — 12 қазан қоса алғанда.

Бағдарламаға қатысу үшін: https://astanahub.com/ru/l/GTON — сілтеме арқылы өтіп, өзіңізге сәйкес міндеттерді таңдаңыз. Бір қатысушы 3 міндеттен артық таңдай алмайды.

Өз шешіміңізді нақты міндетке бейімдеп, оны өңірлік деңгейде танытуға мүмкіндік алыңыз.

Сұрақтар бойынша: r.nurmukhanova@astanahub.com


Соңғы жаңалықтар

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылыңыз: