Семейлік сарбаз түрмеге тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған адамды ұстады

7

Семейлік әскери қызметші, 5511 әскери бөлімінің кинологы, ефрейтор Еламан Сапашев әскери міндетін атқару кезінде қызметтік иті «Рэммамен» бірге №18 ҚАЖ мекемесіне іргелес аумақты патрульдеп, ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп мекеме аумағына тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетінің жолын кесті.

«Қызмет барысында әскери қызметші мен ҚАЖ қызметкерлері қоршау маңынан күдікті азаматты байқаған. Ер адам мекеме аумағына белгісіз заттарды лақтыруға әрекет жасаған. Кинологтың қырағылығы мен ҚАЖ қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында оның әрекеті дер кезінде тоқтатылды», — деп хабарлады бізге «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.

Тексеру барысында ұсталған азаматтың бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны және мекеме аумағына екі ұялы телефон, ақ түсті капсулалар салынған ыдыс, сондай-ақ шығу тегі белгісіз сұйықтық құйылған ыдысты лақтыруға әрекет жасағаны анықталды.

«Анықталған заттар тәркіленіп, тиісті акт жасалды. Материалдар мен тәркіленген заттар әрі қарай тексеру жүргізіп, процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органдарға берілді», — деп толықтырды ҚР ҰҰ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылыңыз: