Семейде жылу беру маусымын бастау туралы қаулы қабылданды

148

Бүгін қала әкімдігі көптен күткен жаңалықты хабарлады. Әкімдіктің қаулысына сәйкес, Семейде 2026 жылғы 5 қазаннан бастап 2026–2027 жылдардағы жылу беру маусымы ресми түрде басталады.

Алдымен жылу әлеуметтік нысандарға — балабақшаларға, мектептерге және медициналық мекемелерге беріледі. Одан кейін тұрғын үйлерге, әкімшілік және өндірістік ғимараттарға жылу қосыла бастайды.

«Теплокоммунэнерго» МКК жылумен жабдықтау жүйесінің тұрақты, қауіпсіз әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатқаны хабарланды.


Соңғы жаңалықтар

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылыңыз: