Семейлік танымал бодибилдер әлем чемпионатында жүлделі орын алып, араб елдерін өзіне қаратты

35

Семейлік бодибилдер Асқар Жанасбаев БАӘ-де өткен «Binous Classic» әлемдік бодибилдинг чемпионатында өнер көрсетіп, өз шеберлігін және семейлік бодибилдинг мектебін тағы бір мәрте әлемге танытты.

Чемпионат қорытындысы бойынша жерлесіміз II орын алып, күміс медаль мен 5 000 дирхам иеленді.

Қола және алтын медальдарды тиісінше Мысыр мен Оман елдерінің спортшылары жеңіп алды… Асқар Жанасбаевтың айтуынша, бұл араб елдерінің осы спорт түріндегі мықтылығын тағы бір дәлелдейді.

Оның айтуынша, бүгінде араб елдері бодибилдинг бойынша әлемдегі ең мықтылардың қатарына жатады: олардың спортшылары жүлдегерлер қатарынан үнемі табылып, көбіне өзара бәсекеге түседі.

«Маған әрдайым арабтарды жеңу мүмкін емес сияқты көрінетін… сол үшін бұл чемпионатқа қатысуды кейінге қалдырып жүрдім. Мұндай деңгейдегі жарысқа әлі дайын емеспін деп ойладым… бұл — өмірімдегі ең мықты және ең бәсекелі сайыс болды. Алайда биыл қатысуға шешім қабылдап, екінші орын алдым. Бұл мен үшін бірінші орынмен тең. Енді барлық жерде арабтардан қорықпау керек, оларды да жеңуге болады деп айтып жүрмін», — деді семейлік спортшы редакциямызға берген сұхбатында.

Чемпионаттан кейін жергілікті тілшілер сұхбат алып, ал келесі күні қала тұрғындары оны көшеде көріп, танып, суретке түсіп жатты. Чемпионның айтуынша, Дубайда бодибилдинг жақсы дамыған, мұндай жарыстарды жұртшылық жіті қадағалайды екен.

Айта кетейік, осы әлем чемпионатына дейін Асқар Жанасбаев бодибилдингтен өткен ҚР-ның 38-ші ашық чемпионатында 90 кг. дейінгі салмақта абсолютті чемпион атанып, қатарынан екінші рет Қазақстанның №1 бодибилдері деген атағын растады.

Сондай-ақ оның қызы Ханшайым Асқарқызы да әкесінің ізін жалғап, биыл Таразда өткен «First Cup — 2025» турниріне қатысып, «балалар фитнесі» номинациясында I орын алып, Абай облысына Қазақстан чемпионатында алғашқы алтын медальды әкелді.


Соңғы жаңалықтар

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылыңыз: