Семейде жастар футбол лигасының жеңімпаздары анықталды

284

Семейде қала әкімі Әділет Қожанбаевтың қолдауымен ұйымдастырылған «ABAY JASTAR FYTBOL LIGASY — 2026» футбол чемпионаты аяқталды. Биыл жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арнап жүлде қоры тағайындалды.

Тартысты матчтардың қорытындысы бойынша екі лигада да жеңімпаздар, жүлдегерлер және турнирдің үздік ойыншылары анықталды.

Суперлига:

  • I орын — «BarQy»
  • II орын — «Барыс Жалюзи»
  • III орын — «Достар»

Суперлиганың үздік ойыншылары:

  • Үздік қақпашы — Арман Сейітов («Достар»)
  • Үздік қорғаушы — Шерхан Амангелдинов («Барыс Жалюзи»)
  • Үздік шабуылшы — Айдын Аманжол («BarQy»)
  • Үздік ойыншы — Роман Будниченко («BarQy»)

Жоғары лига:

  • I орын — «Спартак»
  • II орын — «ЦСКА»
  • III орын — «МЧС»

Жоғары лиганың үздік ойыншылары:

  • Үздік қақпашы — Мирас Үмбет
  • Үздік қорғаушы — Бақытжан Нұрғожин
  • Үздік шабуылшы — Әділет Иманғалиев
  • Үздік ойыншы — Думан Акрамов

Чемпионат Семейде жастар футболын дамытуға тағы бір серпін беріп, салауатты өмір салтын насихаттауға және командалар арасындағы достық байланысты нығайтуға ықпал етті.


Соңғы жаңалықтар

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылыңыз: