Семейде «TUNGI RUN SEMEY» түнгі марафоны өтеді

7

Семейліктер мен қала қонақтарын 19 қыркүйекте сағат 22:00–де қала күніне орай ұйымдастырылатын «TUNGI RUN SEMEY — 2026» түнгі марафонына қатысуға шақырады.

«Жүгіруді ұнататындар мен салауатты өмір салтын ұстанатындарды біріктіретін үлкен спорттық мерекеге қосылыңыздар. Туған қаламыз үшін айтулы күнді бірге атап өтіп, күш-қуатымызды арттырып, өзімізге ұмытылмас әсер сыйлайық», — деп атап өтті әкімдіктегілер.

Жарыстың басталатын жері: әуежай алдындағы алаң
Бағыты: әуежай алаңынан «Семей — Қарауыл» автожолы арқылы

Жарыс ерлер мен әйелдер арасында екі жас санаты бойынша өтеді: 40 жасқа дейін, 40 жас және одан жоғары.

Жүлде қоры:
I орын — 100 000 теңге
II орын — 50 000 теңге
III орын — 30 000 теңге

Сонымен қатар мәреге бірінші болып жеткен 50 қатысушыға естелік медальдар табысталады.

«Старт нөмірлері 17–19 қыркүйек аралығында сағат 16:00–ден 20:00–ге дейін „Спартак“ стадионында беріледі. 19 қыркүйекте сағат 20:00–ден кейін қатысушыларды тіркеу тоқтатылады. Жарысқа қатысу үшін №027 нысанындағы медициналық анықтаманы ұсыну қажет. Жүгіру қараңғы уақытта өтетіндіктен, қауіпсіздік мақсатында әр қатысушының өзімен бірге жеке қолшамы болуы міндетті», — делінген хабарламада.

Қосымша ақпарат және тіркелу: +7 (707) 967-97-24
Жарыс хатшысы: Екатерина Пешкова, +7 (708) 537-18-22


Соңғы жаңалықтар

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылыңыз: