Семейдің орталық жағалауы жекпе-жек алаңына айналады

5

Осы жексенбі, 20 қыркүйекте сағат 16:00–де Шмидт көшесіндегі орталық жағалауда қала күніне арналған мәдени-спорттық іс-шаралар аясында «ARB SEMEY» қоян-қолтық ұрыстан турнирі өтеді.

Турнир барысында қатысушылар күш, шеберлік, ептілік пен төзімділіктерін сынайды. Жарыстың жалпы жүлде қоры 2 000 000 теңгені құрайды.

Жарыстың бас төрешісі — Мадхат Олжабаев, +7 (707) 734-33-70.

«Жүлде қоры демеушілердің қолдауымен жасақталды. Туған қаласының дамуына бейжай қарамайтын кәсіпкерлер отандық спортты қолдап, Семей қаласының күніне орай ұйымдастырылып отырған турнирдің өтуіне өз үлестерін қосуда», — деп атап өтті әкімдіктегілер.


Соңғы жаңалықтар

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылыңыз: