Семейде күш пен ептілік сыналатын жарыстар өтеді
Семейде қала күні қарсаңындағы мерекелік апта аясында 19 қыркүйек күні сағат 09:00–ден 11:00–ге дейін Степной кентіндегі ипподромда күш, төзімділік, ептілік пен командалық рухты сынайтын спорттық жарыстар өтеді.
Қол күресі — ерлер арасында оң қолмен күресуден екі салмақ дәрежесінде жарыс өтеді:
— 70 кг-ға дейін
— 75 кг-нан жоғары
I орын — 100 000 теңге
II орын — 50 000 теңге
III орын — 30 000 теңге
Төреші: Төлеген Сағатаев, +7 (705) 146-08-80
Қатысушыларды тіркеу: 08:00–ден 09:00–ге дейін
Гір көтеру — қатысушылар екі салмақ дәрежесінде бақ сынайды:
— 90 кг-ға дейін
— 90 кг-нан жоғары
Гірдің салмағы: 20 және 24 кг.
Көтеру тәсілі: екі қолмен иықтан серпе көтеру
I орын — 100 000 теңге
II орын — 50 000 теңге
III орын — 30 000 теңге
Төреші: Нұрлан Тұрысбек, +7 (706) 626-11-67
Қатысушыларды тіркеу: 08:00–ден 09:00–ге дейін
Арқан тарту — ұйымшылдық пен үйлесімді қимылды талап ететін командалық жарыс. Әр команда құрамында 8 адамнан болады:
I орын — 300 000 теңге
II орын — 200 000 теңге
III орын — 100 000 теңге
Төреші: Арай Солтабаев, +7 (777) 063-71-77
Қатысушыларды тіркеу: 08:00–ден 09:00–ге дейін
Соңғы жаңалықтар