Абай облысында қарағайлы ормандағы ашық өрт сөндірілді

244

Абай облысының Бородулиха ауданында 2026 жылғы 16 шілде күні сағат 09:45–те «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының Камышенка орманшылығының 57-кварталында тіркелген ірі орман өртін сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Өртті сөндіру, өрт шебетін күзету және оның одан әрі таралуына жол бермеу үшін бүкіл периметр бойынша өрт жиегін суару жұмыстары түнгі уақытта да жүргізілді.

Бүгін, 17 шілде күні таңертең күштер мен құралдар өртті сөндірудің белсенді кезеңіне бірден кірісті. Қол жетуі қиын учаскелерге ішкі жану ошақтарын жою үшін жаяу топтар жіберілді. Сонымен қатар өртті оқшаулауды жеделдету мақсатында ең күрделі учаскелерге су төгетін авиация жұмысы ұйымдастырылды.

«Барлық жұмылдырылған қызметтердің үйлесімді әрі жедел әрекетінің арқасында ашық өрт толық сөндірілді. Қазіргі уақытта жекелеген бықсу ошақтарын жою жұмыстары жүргізілуде. Түні бойы жеке құрам өртті оқшаулау жұмыстарын жалғастырды», — деп хабарлады ҚР ТЖМ.

ҚР Экология министрлігінің сағат 08:00–дегі жедел мәліметіне сәйкес, өртті сөндіруге 769 адам, 191 бірлік жерүсті техникасы және 8 тікұшақ жұмылдырылған.

«Жағдайға үздіксіз мониторинг жүргізіліп, жекелеген бықсу ошақтары жойылды. Ашық өрт байқалмайды. Өртті сөндіру басталғаннан бері авиация 243 мәрте су төгіп, өрт ошағына жалпы 546 тонна су жеткізілді», — делінген хабарламада.


Соңғы жаңалықтар

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылыңыз: