Абай облысында өртенген автокөлік дала өртіне себеп болды

798

Өткен жұма, 10 шілде күні Абай облысының Бесқарағай және Жарма аудандарында дала өрттері тіркелді.

Бесқарағай ауданының Баскөл ауылдық округі аумағында таңғы сағат 08:00 шамасында жұмыс істемейтін жанармай құю бекетінің аумағында құрғақ шөп өртенді. Орман өрт сөндірушілері тілсіз жауды жедел сөндіріп, өрттің орман алқабына таралуына жол бермеді.

Ал Жарма ауданының Қарасу ауылдық округінде ірі дала өрті жол бойында жеңіл автокөліктің өртенуінен шыққан.

Қатты желдің салдарынан өрт далаға тез таралып, жаңа өрт ошақтары пайда болды. Өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстарын Абай облысы ТЖД бөлімшелері жүргізді. Алайда құтқарушыларға жергілікті тұрғындар да көмекке келді. Олардың қатарында Шар қаласының учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Самат Әділханов та болды.

«Өрт сөндіру оның тікелей қызметтік міндетіне кірмейді. Алайда тұрғындардың тілсіз жаумен өз күштерімен күресіп жатқанын көрген ол оларды қиындықпен жалғыз қалдыра алмады. Қолына бар құралдарды алып, учаскелік инспектор ауыл тұрғындарымен бірге жалынды сөндіріп, өрттің таралуын тежеуге көмектесті», — деп хабарлады Абай облысы ПД.


Соңғы жаңалықтар

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылыңыз: