Семейдегі Бейбітшілік аралында 20 жылдан астам уақыттан бері «жасыл арал» гүлденіп келеді

404

Семейде, белгілі болғандай, «жасыл арал» тек ауыспалы мағынада ғана емес, тура мағынасында да гүлденіп тұр. Біз үшін Бейбітшілік аралында 20 жылдан астам уақыт бойы небәрі екі-үш адамның күшімен сирек кездесетін өсімдіктер өсірілетін «Жасыл арал» атты жеке жоба жұмыс істеп келе жатқаны үлкен жаңалық болды.

Аралдағы бақтың негізін қалаушылар Анастасия мен Елена отырғызу аумағын кеңейтуді армандап, маусым айының ортасында Семей қаласының әкіміне бейнеүндеу жолдап, қонаққа шақырған болатын.

Әлеуметтік желілерді белсенді қолданатын Әділет Қожанбаев бұл шақыруды байқап, жуырда сол тәлімбаққа барып, жобаның жұмысымен танысты.

Мұнда сәндік гүлдер, әртүрлі өсімдік түрлері, сондай-ақ жеміс-жидек дақылдарының көшеттері де өсіріледі екен. Тәлімбақтың басты ерекшелігі — жабық тамыр жүйесі бар арнайы контейнерлерде отырғызу материалын өсіру. Бұл технология өсімдіктердің жерсіну деңгейін едәуір арттырып, оларды отырғызу маусымының басым бөлігінде егуге мүмкіндік береді.

«Кездесу барысында қала әкімі тәлімбақтың қаланы көгалдандыру мен абаттандыру саласындағы әлеуетіне жоғары баға беріп, мұндай бастамалардың экологиялық жағдайды жақсартып, Семейді тұрғындар мен қала қонақтары үшін жайлы әрі тартымды ете түсетінін атап өтті», — деп хабарлады қала әкімдігі.

Сонымен қатар әкімдік өкілдері облыс орталығын көгалдандыру мен одан әрі абаттандыруға бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

Енді Анастасия мен Елена осы жазда Семейде өсімдіктердің түрлі сұрыптарынан ерекше гүлзар жасауды жоспарлап отыр. Егер бұл бастама сәтті жүзеге асса, қалада осындай гүлді бұрыштар көбейе түспек.


Соңғы жаңалықтар

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылыңыз: