2026 жылғы 24 маусым, сәрсенбі күні, жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты Семей қаласының Затон бөлігіндегі су құбыры желілерінде (Водников–Сәтпаев көшелері, D=350 мм.; Коломенская–Тұрғанбаев көшелері, D=350 мм.; Сейітов көшесі — Революция күрескерлері алаңы маңы, D=350 мм.) 24 маусым сағат 09:00–ден 25 маусым сағат 09:00–ге дейін келесі мекенжайлар бойынша су беру уақытша тоқтатылады:
— 20-шы квартал
— 35-ші квартал
— 40-шы квартал
— 71-ші квартал
— 72-ші квартал
— 343-ші квартал
— Облыстық аурухана маңы
— Затон ауданы (Жангелдин көшесінен Шугаев көшесіне дейін)
— Сроства тармағы
— Пристанская көшесі (бес қабатты үйлер)
— Мамай батыр көшесі, 99, 99А
— Қабанбай батыр көшесі, 89, 93
«Семей водоканал» МҚК уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, тұтынушылардан алдын ала қажетті су қорын дайындап алуды сұрайды.
Сонымен қатар кәсіпорынның хабарлауынша, 2026 жылғы 23 маусымда Шугаев көшесі, 143, мекенжайы бойынша су құбырына жүргізілетін авариялық жұмыстарға байланысты сағат 01:00–ден 06:00–ге дейін Шугаев көшесінің Гагарин тұйық көшесінен Авиациялық тұйық көшесіне дейінгі бөлігінде автокөлік қозғалысы уақытша жабылады.