Семейдегі аспалы көпір күрделі жөндеуді қажет етеді: жапондық «IHI» компаниясының инженерлері мәселені шешуге қосылды

20

Семейде облыс орталығының символына айналған ерекше аспалы көпірдің жағдайы «Санта-Барбарадан» кем түспейтін ұзаққа созылған мәселеге айналып отыр.

Өткен аптада, 23 мамырда, көпірде былтырғы ағымдағы жөндеуден кейін пайда болған ойықтар үш сағат ішінде жөнделіп, алайда бірнеше күннен кейін деформациялық жіктің элементтері қайтадан сыр берді.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде қала тұрғындарын тағы да сабырға шақырып, апатты жағдай қаупі анықталмағанын хабарлады. Бүгінде көпірде деформациялық жікті нормативтік жағдайға келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Жалпы алғанда әкімдікте өткен жылғы жөндеу тек уақытша, қолдаушы сипатта болғаны және нысанды кешенді күрделі жөндеу жүзеге асырылғанға дейін жүргізілген шара екенін атап өтті.

«Қазіргі уақытта аспалы көпірдің күрделі жөндеуіне арналған жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Жоба құрылыс нысанының конструкциялық элементтерін кешенді жаңартуды, соның ішінде деформациялық жіктерді жөндеу және ауыстыруды, тростық тосқауыл қоршауларын, сондай-ақ көпір құрылыстарына қойылатын пайдалану талаптарына сәйкес заманауи технологиялар мен материалдарды қолдана отырып жаңа асфальтбетон жабынын орнатуды көздейді», — деп хабарлады ЖКжАЖ бөлімінде.

Белгілі болғандай, жоба осы көпірдің салынуына қатысқан жапондық «IHI Corporation» компаниясының ұсынымдары ескеріле отырып әзірленуде.

«Бүгінде жоба мемлекеттік сараптама кезеңінде. Оң қорытынды алынғаннан кейін жобаны іске асыру үшін бюджеттік өтінім берілетін болады», — деп әкімдікте толықтырды.


Соңғы жаңалықтар

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылыңыз: