Семейде 2026 жылдың ең әдемі қызы анықталды

81

Өткен сенбі, 2026 жылғы 30 мамырда, қалалық мәдениет үйінде сұлулық пен талантты ұштастырған басты сайыс — жыл сайынғы өңірлік «Мисс Семей» байқауы өтті.

Бұл күні Семейдің ең сұлу қызы атағы үшін 12 финалист бақ сынады. Дауыс беру нәтижелері мен қазылар алқасының шешімі бойынша Алуа Дарханқызы жеңімпаз тәжін тағып, «Мисс Семей — 2026» атағын иеленді.

Анықтама: оның жасы 20-де, бойы 174 см., дене өлшемдері — 81–65–89.

«Мисс Семей — 2026» атағынан бөлек, семейлік арудың спорттағы елеулі жетістіктері бар. Ол үстел теннисінен спорт шеберіне кандидат болып табылады және осы спорт түрімен 10 жыл айналысу барысында Қазақстан чемпионаттары мен республикалық турнирлерде жүлдегер атанған: Қазақстан кубогының қола жүлдегері, ҚР чемпионатының қола жүлдегері, сондай-ақ студенттер арасындағы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы.

Дәстүр бойынша финалистердің бір бөлігі вице-мисс атақтарын бөлісті:

1-вице-мисс — Жаннұргүл Әменова
2-вице-мисс — Дамира Бимырза
3-вице-мисс — Нұрай Жандосқызы
4-вице-мисс — Малика Касенова
5-вице-мисс — Валерия Малахова

«Маған қолдау көрсеткен әр адамға, жылы сөздеріңіз бен сенімдеріңізге алғыс айтамын. Бұл жол сіздерсіз мүлде басқаша болар еді. Мен үшін уайымдап, дауыс беріп, хабарлама жазып, жанымнан табылғандардың барлығына рахмет. Сіздердің қолдауларыңыз әр кезеңде маған күш пен сенім берді. Барлығыңызды қатты бағалаймын», — деп жазды байқау жеңімпазы Алуа Дарханқызы.


Соңғы жаңалықтар

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылыңыз: