Семейде әлеуметтік сала қызметкерлеріне құрмет көрсетілді

151

Семей қаласындағы мәдениет сарайында әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған қала әкімінің орынбасары Әсет Баймұрзаев пен әлеуметтік сала қызметкерлері қатысты.

«Бүгін біз адамға қамқорлық жасауды өмірлік ұстанымына айналдырып, күнделікті еңбегімен қоғамдағы мейірімділік пен жанашырлықты нығайтып жүрген жандарға алғыс білдіру үшін жиналдық. Қаланың дамуы тұрғындардың өмір сүру сапасынан, әр адамның өзін қоғамға қажет екенін сезінуінен көрінеді. Әсіресе қиын өмірлік жағдайға тап болған адам дер кезінде көмек алып, өз мәселесімен жалғыз қалмағанын сезінуі өте маңызды. Осы жауапты міндетті орындауда сіздердің еңбектеріңіздің маңызы ерекше», — деді Әсет Баймұрзаев.

Мәліметке сүйенсек, бүгінде Семейдің әлеуметтік саласында 600-ге жуық адам еңбек етеді. Оның 300-ге жуығы тұрғындарға тікелей қызмет көрсететін мамандар.

«Қала тұрғындарына әлеуметтік қолдау көрсетумен қатар, отбасын қолдау орталығы да айналысады. Оның қызметі қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсетуге және олардың мәселелерін шешуге жәрдемдесуге бағытталған», — делінген хабарламада.

Салтанатты іс-шара барысында әлеуметтік сала қызметкерлері адал еңбегі мен тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға қосқан үлесі үшін қала әкімінің «Құрмет» грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды.


Соңғы жаңалықтар

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылыңыз: