Жастар қаласында үлкен жастар фестивалі өтті

152

Семейде қала күні қарсаңында орталық арбатта «Семей — жастар қаласы» ұранымен студенттер мен қала жастарының қатысуымен ашық микрофон форматындағы «Arbat Fest» үлкен фестивалі өтті.

1000-нан астам жасты жинаған фестиваль жергілікті «Еуропаның 300 метрлік бұрышын» әуенге толтырып, жарқын эмоция сыйлады.

«Фестиваль барысында әндер шырқалып, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Шығармашылық кеш жастарды туған қалаға деген сүйіспеншілік, достық пен бірлік төңірегіне топтастырған алаңға айналды», — деп атап өтті әкімдіктегілер.

Сонымен қатар арбатта қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Игі бастаманы қолдаған жастар бейжай қалмай, бір-біріне көмектесудің үлгісін көрсетті. Осылайша қала күнін атап өтуді игі істермен толықтырды.

«Іс-шара аясында қайырымдылық жәрмеңкесін өткізуге белсенді атсалысқан үш университеттің студенттік көшбасшылары марапатталды. Марапаттау олардың қоғамдық өмірге белсенді араласуы мен қайырымдылық бастамаларын қолдағанын мойындаудың белгісі болды. Шығармашылық пен қайырымдылықты ұштастырған „Arbat Fest“ қала күнін мерекелеу аясындағы жарқын шаралардың біріне айналды», — деп қосты әкімдіктегілер.


Соңғы жаңалықтар

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылыңыз: