Бүгін қала әкімдігі жыл сайын қыркүйек айының үшінші жексенбісінде атап өтілетін Семей қаласының күніне орай үш күнге жоспарланған мерекелік іс-шаралар бағдарламасын таныстырды.
Ақпаратқа сәйкес, қала күні «Семейді сүю — тарихқа бас ию» тақырыбында өтеді. Бұған, әрине, дау жоқ. Өйткені тарихы бай қаламыз — талай алғашқы бастамалар мен жетістіктердің куәсі болған, тұңғыштар мекені.
▪️ 2026 жылғы 18 қыркүйек
▫️ «Семей — жүрегімдегі қала» мерекелік іс-шарасы
Өтетін орны — қалалық мәдениет сарайы
Басталуы — 14:00
▫️ «Семей батыры» күштік экстрим бойынша жарыс
Өтетін орны — Ертістің оң жағалауы
Басталуы — 14:00
▪️ 2026 жылғы 19 қыркүйек
▫️ Аударыспақтан облыстық жарыс
Өтетін орны — Степной кентіндегі ипподром
Басталуы — 09:00
▫️ Ат спорты ойындары (бәйге)
Өтетін орны — Степной кентіндегі ипподром
Басталуы — 11:00
▫️ «Tungi run Semey — 2026» түнгі жүгіру жарысы
Өтетін орны — қала көшелері
Басталуы — 22:00
▪️ 2026 жылғы 20 қыркүйек
▫️ «Семейім — жүрегімнің төріндесің» қалалық балалар шығармашылық байқауы
Өтетін орны — орталық саябақ
Басталуы — 11:00
▫️ «ARB Semey» қоян-қолтық ұрыстан турнирі
Өтетін орны — Ертістің оң жағалауы
Басталуы — 16:00
Ал жексенбідегі мерекелік бағдарламаның басты шарасы — Семей қаласының күніне арналған гала-концерт. Ол сағат 19:00–де Қарағайлы шағын ауданындағы республика алаңында басталады.
Гала-концерт сахнасында қазақстандық және шетелдік эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді. Олардың қатарында ТҰРАР ЫДЫРЫС, АЙДАНА МЕДЕНОВА, AYREE, ЕРНАР АМАНДЫҚ, сондай-ақ шетелдік орындаушылар — Қырғызстаннан AMIRCHIK, Германиядан NANA DARKMAN және миллениалдардың көпшілігіне таныс, молдовалық «O-Zone» тобының бұрынғы мүшесі ARSENIUM бар.
Кеш жүргізушілері — Жазира Еркін және DAKE.
«Қала тұрғындары үшін гала-концерттің тікелей трансляциясы орталық арбат пен Мұхтар Әуезов алаңында ұйымдастырылады. Қала күніне арналған мәдени және спорттық іс-шараларды жіберіп алмаңыздар. Келіңіздер, тамашалаңыздар, бізбен бірге мерекені атап өтіңіздер», — деп атап өтті әкімдікте.
Алда өтетін 19 қыркүйек күні сағат 11:00–де басталатын бәйге жарысына қатысты жайттарға жеке тоқталған жөн.
▪️ Жарыс үш бағыт бойынша өтеді:
▫️ Аламан байге — 25 км.
Бас жүлде — автокөлік
Алғашқы бес орынға ие болған қатысушыларға жүлделер табысталады
▫️ Топ байге — 15 км.
Бас жүлде — автокөлік
Алғашқы бес орынға ие болған қатысушыларға жүлделер табысталады
▫️ Құнан байге — 7 км.
Бас жүлде — квадроцикл
Алғашқы бес орынға ие болған қатысушыларға жүлделер табысталады
«Жарыстың жүлде қоры демеушілердің қолдауымен қалыптастырылды. Туған қаласының дамуына бейжай қарамайтын кәсіпкерлер ұлттық спортты қолдап, Семей қаласының күніне орай ұйымдастырылатын жарыстардың өтуіне өз үлестерін қосуда», — деп атап өтті әкімдікте.
Бас төреші — Нұржан Смағұлов, +7 (707) 930-06-18.
Бәйгеге қатысушыларды тіркеу 18 қыркүйек күні сағат 10:00–ден 18:00–ге дейін өтеді.
Сол күні, 19 қыркүйекте, сағат 09:00–де мәдени-спорттық іс-шаралар аясында ат үстіндегі дәстүрлі қазақ күресі — аударыспақтан облыстық жарыс өтеді.
▪️ Жарыс үш салмақ дәрежесі бойынша ұйымдастырылады:
▫️ Жеңіл салмақ — 68 кг. дейін
▫️ Орта салмақ — 74 кг. дейін
▫️ Ауыр салмақ — 87 кг. жоғары
Бас төреші — Дәурен Төлеуғали, +7 (778) 333-70-87.
«Жарысқа Абай облысының аудандары мен Семей қаласынан үздік спортшылар қатысады», — деп қосты әкімдікте.