Ортақ мәдени мұра: президент Семейдегі музейдің қайта жаңғыртылатынын айтты

97

Өткен сәрсенбіде, 23 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев — Қазақстан халқының мүддесін білдіретін жоғары конституциялық консультативтік орган — Қазақстан халық кеңесінің алғашқы сессиясында сөз сөйледі.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Семей қаласында орналасқан Федор Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейін күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары басталғанын хабарлады.

«Семейде Федор Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейін күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары басталды. Бұл жұмыс толығымен демеушілердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Меніңше, ортақ мәдени мұрамызға ұқыпты қараудың маңызы айрықша. Мұндай мұра мемлекеттік шекараларға бөлінбеуі керек. Алдағы уақытта еліміздегі басқа да тарихи ескерткіштер мен музейлерді ретке келтіруіміз қажет. Қазақстанның ауқатты азаматтары бұл игі іске белсенді түрде атсалысады деп ойлаймын», — деді президент.


Соңғы жаңалықтар

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылыңыз: