Семейде қала күні қарсаңында биологиялық орталыққа кіру тегін болды

8

Сейсенбі, 15 қыркүйекте қала күні қарсаңында әкімдіктің әлеуметтік бастамалары аясында облыстық балалар биологиялық орталығына кіру бір күнге тегін болды.

Қала тұрғындары мен қонақтары биоорталықтағы жануарлармен жақынырақ танысып, жануарлар әлемінің алуан түрлілігін тамашалай алды. Бұған дейін жазғанымыздай, орталықтың қатары Оз елінен жеткізілген австралиялық кенгурулермен толыққан еді… ал одан бұрын Мадагаскар аралында мекендейтін мысық лемурлер де биоорталыққа әкелінген еді.

«Отбасымен келген келушілер үшін бұл күнді бірге қызықты әрі пайдалы өткізуге мүмкіндік болды. Мұндай іс-шаралар балалардың табиғат туралы көбірек білуіне, жануарларға қамқорлық жасауға үйренуіне ықпал етеді. Сонымен қатар отбасылық демалысты мазмұнды өткізуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті әкімдіктегілер.


Соңғы жаңалықтар

Біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылыңыз: