Семейдегі мерекелік апта қала тарихы мен мәдени мұрасын кеңінен насихаттауға бағытталған «Туған өлке — тұнған тарих» атты танымдық quiz-ойынмен басталды.
Зияткерлік ойын үш кезеңнен тұрды:
▫️ «Шежірелі — Семей тарихы сыр шертеді» — қаланың тарихи ғимараттары, ескерткіштері мен музейлеріне қатысты сұрақтар.
▫️ «Тұңғыштар мекені» — тағдыры Семеймен байланысты алғашқы ғалымдар, ақындар мен жазушылар, «Алаш» қозғалысының қайраткерлері, сондай-ақ баспа ісі, мерзімді басылымдар мен футбол тарихына қатысты сұрақтар.
▫️ «Өнерлі елім — Семейім» — Семей өңірінен шыққан мәдениет және өнер қайраткерлерінің шығармашылығына арналған кезең.
Қатысушылар өз білімдерін сынап қана қоймай, туған қаласының тарихы мен бүгінгі тынысына үңіліп, оның тарихи-мәдени мұрасының жаңа қырларымен танысты.
Ойын қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
▪️ I орын — «Алаш арыстары» командасы
▪️ II орын — «Ертіс перзенттері» командасы
▪️ III орын — «Абай ұрпақтары» командасы
Зияткерлік ойынның жеңімпаздары мен қатысушылары арнайы сыйлықтарға ие болды.